Жамбыл облысының мектептерінде сабақтар бүгін де болмайды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысын аяз буып тұр, сол себепті мектептегі сабақтар тағы да тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

30 қаңтарда Тараз қаласы, Мойынқұм, Талас, Сарысу, аудандарының 1-9 сынып арасындағы оқушылары сабаққа бармайды. Өңірдің өзге аудандарының барлығында сабақтар тек бастауыш сынып оқушылары үшін ғана болмайды, деп түсіндірді облыстық білім басқармасындағылар.

Айта кетейік, ауа температурасы -25 болған жағдайда сабақ бастауыш сынып оқушылары үшін тоқтатылады, ал температура - 27 градус болса, 9 сыныпқа дейінгі оқушылар сабаққа бармайды. Ауа температурасы -30 градусқа жеткен жағдайда сабақтар барлық сыныптар үшін тоқтатылады.

29 қаңтар күні сабақ 1-11 сынып аралығындағы оқушылар үшін тоқтатылған болатын.

Синоптиктер өңірде жақын уақытта күн жылитынын айтуда.

Соңғы жаңалықтар