Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жаңа әкім тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарланғандай, С.Арубаев 1976 жылы дүниеге келген, жоғары білімді, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инженер-жерге орналастырушы» мамандығы бойынша тәмамдаған, «Нұр Отан» ХДП саяси Кеңесінің мүшесі.
Еңбек жолын 1998 жылы Жамбыл облыстық егін шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығында инженер-жерге орналастырушы болып бастаған.
2004-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, 2007-2008 жж. - облыс әкімдігі аппараты жетекшісінің орынбасары, ал 2008-2009 жж. - облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.
2009 жылдан бастап табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
Мойынқұм ауданының бұрынғы әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.