Жамбыл облысының Орыс общинасы дәстүрлі Рождество кешін өткізді

«Бұл көптеген халыққа рухани жақын жарқын православ мерекесі. Рождестволық святкалар он күнге созылады және осы күндері адамдар бір-біріне Рождествоның қуанышын сыйлағысы келеді. Бүгін осынау қуанышты бізбен бөлісуге түрлі жастағы, түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері келді, залға көрермендер лық толы», дейді Орыс общинасының төрайымы Светлана Чаутина.
«Баласағұн» Орталық концерт залының сахнасында концерт өтіп, оған әншілер, бишілер мен музыканттар қатысты. Көрермендер ардагерлердің «Красная гвоздика» халық хорының, Успения Құдай Ана шіркеуінің діни хорының, «Буратино» және «Жас дәурен» балалар би ансамбльдерінің, музыкалық мектептер оқытушыларының камералық оркестрінің, саксафоншы Виталий Шаповаловтың, пианист Әзиз Кушаковтың өнерлеріне тәнті болды.