Жамбыл облысының прокуратурасы 2010 жылы 19 мыңдай азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады

ТАРАЗ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының прокуратурасы 2010 жылы 19 мың 392 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады,
None
None

деп хабарлады облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов.

Прокуратура тарапынан жасалған актілер бойынша былтыр жалпы сомасы 779 миллион теңгенің жалақысы төленген.

«Мысалы, Талас аудандық прокуратурасы араласқаннан кейін ғана, «Талас-Тазасу» кәсіпорны 22 жұмысшысының алдындағы жартыжылдық берешегін - 1,6 миллион теңге соманың берешегін өтеді»,- деді облыс прокуроры.

Прокуратура органдарының өткен жылғы қызметі заңдылықты әрі қарай нығайтуға, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын атап көрсеткен Б.Тайымбетов: «13 отырыста аймақтың ең өзекті мәселелері: ұйымдасқан қылмыспен, экономикалық контрабандалармен, заңсыз миграциямен күресу, т.б. мәселелер қаралды», -деді.

Өткен жылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық саласында жүргізілген тексерулердің барысында 8 763 заңсыздық факті анықталған. 2009 жылы мұндай фактілер - 8 124 болған еді, дейді прокурор.

Соңғы жаңалықтар