Жамбыл облысының прокурорлары полицейлер мен кәсіпкерлер арасындағы дауды шешті
«Шу ауданының полицейлері тыйым салынған жерде сауда жасағаны үшін 20 кәсіпкерді әкімшілік жауапқа тартқан, - деп түсіндірді бақылау органының баспасөз қызметінің басшысы Абырой Азаматов. - Алайда, Шу ауданаралық прокуратурасының прокуроры Жандос Бердіқұлов анықтағандай, жергілікті атқарушы органдар ондай орындарды белгілемеген. Осылайша, кәсіпкерлер полицейлер тарапынан жауапқа тартылған».
Шу аудандық прокуратурасы әкімшілік өндірісті заңсыз деп танып, кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Саудагерлер ауылшаруашылық тауарларды сатуға арналған стационарлық емес орындарды белгілеудің қажеттілігін айтып, сауда жасайтын саудагерлерге де, салықтан табыс түсіп жатқан мемлекетке де тиімді екендігін алға тартты.
«Аудандық әкімдіктің кәсіпкерлердің мүддесіне не себепті көңіл аудармағаны белгісіз, - деп сөзін жалғастырды А. Азаматов. - Тек прокурорлық актіден кейін ғана бұл мәселе өз шешімін тапты. Кәсіпкерлер саудамен айналысатын орындар белгіленді».