09:29, 10 Ақпан 2013 | GMT +5
Жамбыл облысының Шу қаласында болған өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Шу қаласында түнгіі сағат 03.24-те Сәтбаев көшесіндегі тұрғын үйде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Жалын 03.48-де ауыздықталып, 04.50-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 9 қызметкері мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалын 12 м2 аумақты шарпыды. Өрт болған орыннан егде жастағы ер адамның мүрдесі табылды.