Жамбыл облысының сот корпусында өзгерістер болды

Пленарлық отырыстың барысында азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Асқар Смайылов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген аудандық және Жамбыл облысындағы оларға теңестірілген соттардың жаңа төрағалары мен судьяларын таныстырды.
Абай Әбдіқапарұлы Дәуренбеков Сарысу аудандық сотының төрағалығынан босатылып, Жамбыл аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Мақсат Ғанибекұлы Мыстаев Мойынқұм аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылып, Шу аудандық сотының төрағалығына тағайындалды. Бақытжан Ілиясұлы Мүлкібаев Мойынқұм аудандық сотының төрағасы болды, ол Шу аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды. Насыролла Әбдіқадырұлы Андабеков Шу аудандық сотының судьясы қызметінен босатылып, Сарысу аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Бұдан басқа, Қамар Бақытбекқызы Үсембаева Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Гаухар Мейірханқызы Қожантаева облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып тағайындалды. Сәбит Тоғызбайұлы Қалдыбаев Тараздағы № 2 қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Бегімбетова Гүлвира Сейтайқызы мен Марат Бахтиярұлы Үркімбаев Тараз қалалық сотының судьялары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.