Жамбыл облысының су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының барлық су қоймаларында ықтимал су тасқыны қаупінің алдын алу үшін коммуналдық меншіктегі су қоймаларына тәулік бойы кезекшілік қойылды. Күн сайын өңірдің ТЖД су қоймаларының жай-күйі мен су тасқынына қарсы жүргізілген іс-шаралар туралы хабарлап отырады.
None
None

Ведомстводан хабарлағандай, бүгін облыстың барлық су қоймаларында судың жиналуы 60-70 пайызды құрайды. Көктемгі су ағынының апатсыз режімде өтуі және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін барлық гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының жай-күйіне қосымша тексеру жүргізілуде, ЖЖМ, техника, инертті және басқа да материалдардың қоры құрылды.

2014 жылы облыстық бюджеттен ондаған су қоймалары мен суаттарды, сондай-ақ 49 арналар мен гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеуге 300,9 млн. теңге бөлінді. Бұдан басқа, ТЖ алдын алу мен оларды жоюға 150 млн. теңге бөлінді. Өңірде «Көктем-2014» оқу-жаттығуы өтті, оған Қырғызстан Республикасы ТЖМ Талас облысы бойынша басқармасының жедел тобы қатысты. Қазіргі уақытта аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің күштері мен құралдары ықтимал су тасқынын жоюға сақадай-сай дайын тұр. Жамбыл облысында 117 су нысаны бар, олардың бесеуі республикалық теңгерімде, жетеуі - жеке меншік. Соңғы үш жылда коммуналдық меншіктегі 105 су қоймасының 31-і жөндеуден өтті.

Соңғы жаңалықтар