Жамбыл облысының тұрғындары Көкшетауда 25 келіге жуық есірткі затымен ұсталды
Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 15 наурызында ІІД есірткі саудасымен күрес бөлімшесінің қызметкерлері Көкшетау қаласындағы пәтерлердің бірінде есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғындарын ұстаған.
Тексеріс барысында 63-45 жастағы күдіктелер жалдап тұрған пəтерден 23 келі марихуана мен 645 грамм гашиш тəркіленді.
Полицейлер анықтағандай, күдіктілердің бірі облыс орталығында марихуана сату жөнінде белгісіз адамдармен алдын ала келіскен. Кейін 100 мың теңгеге есірткі затын сату кезінде құрықталған.
Қазіргі кезде күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі өндірістік іс қозғалды. Айыптылардың қылмысы дəлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін», - деп көрсетілген хабарламада.