Жамбыл облысының жан-жақты дамуына ресурстар жеткілікті - аймақ әкімі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының дамуы үшін қажетті ресурстар бар.
None
None

Бұл туралы Таразда өткен «ZHAMBYL-INVEST-2010» халықаралық бизнес форумын қорытындылай келіп, аймақ әкімі Қанат Бозымбаев осылай мәлім етті.

«Жамбыл облысы жақсы мүмкіндіктерге ие, географиялық және табиғи жағдайы, жер байлығы, арзан еңбек ресурстары бар, сондықтан бизнес жасау үшін инвестиция тарту керек», - деді Қ.Бозымбаев қазіргі таңда аймақтың алдағы бес жылға арналған даму жобасы әзірленіп жатқандығын айта келіп.

Аймақ басшысының пікірінше, форум Жамбыл облысына инвестиция тартуға көмектесіп қана қоймай, жергілікті кәсіпкерлердің пікірлерін де өзгертті.

Соңғы жаңалықтар