Жамбыл облысының жемқорлыққа қарсы күрес қызметі елімізде БАҚ-пен ынтымақтастық бойынша үздік атанды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінен «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне хабарлағандай, БАҚ-пен үздік жұмысы үшін жамбылдық жемқорлыққа қарсы күрес қызметі марапатқа ие болды.
«Біз «Жемқорлықпен күресу жолында құқық қорғау органдары мен БАҚ ынтымақтастығының үздігі» аталымында дипломға ие болдық», - деді жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілі Гүлназ Бахытжанқызы. - Бұқаралық ақпарат құралдарымен ықпалдасу - біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі. Елбасы бастамасымен құрылған жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басынан-ақ қоғам үшін ашық құрылым болды. Тұрғындарды жемқорлықтың тамырына балта шабу бойынша жұмыстар және мемлекеттік қызметтің қызметі жайлы хабардар ету маңызды».