Жамбыл облысының жер қатынастары басқармасына жаңа бастық тағайындалды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының әкімінің қаулысымен аймақ әкімдігінің жер қатынастары басқармасына Бақтияр Көпбосынов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Бақтияр Бейсембайұлы Көпбосынов 1964 жылы дүниеге келді. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (ЖГҚИ) және «Әулие Ата» университет бітірді. Мамандығы - инженер-гидротехник, қаржы бакалавры.

ЖГҚИ-де ұстаздық еткен, комсомолдық және партиялық органдарда, бизнес құрылымдарда жұмыс атқарған.

2010 жылдың наурызынан бастап, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болды.

Соңғы жаңалықтар