Жамбыл полициясы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізіп жатыр

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін бұл акцияның негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерте және жолын кесе отырып, халыққа таныстыру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру болып табылады.
Республикалық акцияның аясында, Жамбыл облысы ІІД-нің полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, көпшілікті жерде (теміржол вокзалы, базар, алаң) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алу парақшалары мен жадынамаларын таратып жүр. Сонымен қатар, оқу орындарының студенттері үшін отбасының құндылығы, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсетпеу үшін не істеу керек деген мәселелер сөз болды.
Өткен жылдың басынан бері 1 226 іс тіркелген, оның көбісі әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету бойынша. Атап айтсақ, 835 рет үй шаруасындағы әйелдер жапа шеккен. 220 жалдамалы жұмыскер әйелдер, 138 жеке кәсіпкерлікте қызмет атқаратын, сондай-ақ 38 мемлекеттік қызметкер,23 студент қыз бен 12 мектептің оқушылары жәбір көрген.
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы халықаралық науқан болып табылады, ол 1991 жылы әйелдер көшбасшылығы орталығының қолдауымен құрылған әйелдер көшбасшылығының бірінші институты болып табылады.