Жамбыл тұрақтандыру қоры облыс аудандарына азық-түлік керуенін жібереді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Керуен-2015» әлеуметтік маңызға ие азық-түлік жәрмеңкесі Жамбыл облысының аудандарында 17 қаңтар мен 15 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Жамбыл облыстық әкімдігінің қолдауымен облыстық әкімдіктің «ТЗК «Тараз» ЖШС тұрақтандыру қорының операторы облыс тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлармен қамту мақсатында Жамбыл облысының он ауданында «Керуен-2015» жәрмеңкесін өткізуде», - деді серіктестік басшысы С. Манатов. ҚР Үкіметі тауардың 17 түрін бекітті.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауылдарға келісі 154 теңгеден 200 т қант, келісі 72 теңгеден 400 т ұн, келісі 180 теңгеден 20 т қарақұмық, келісі 160 теңгеден 50 т күріш жеткізіледі. Сондай-ақ, 2 тонна ұнтақ жармасын, 5 тонна ақтаған тары, 3 тоннадан ақтаған сұлы мен ақтаған арпасын саудаға қою жоспарланған.

Сонымен қатар тізімге 30 т өсімдік майы, 2 тонна шай, 15 т сәбіз өнімдері, 200 т картоп, 100 т пияз, 50 т сәбіз және 20 т қызанақ енген. Олардың бағасы нарықтағыдан төмен.

Аудандарда өтетін «Керуен-2015» жәрмеңкесі бағаны тұрақтандыруға септеседі деп күтілуде, деді әкімдікте.

«Керуен-2015» жәрмеңкесін бірінші болып Мерке ауданының тұрғындары қабылдамақ.

Соңғы жаңалықтар