Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Әлем ақыны» атты әдеби кеш өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Әлем ақыны» атты әдеби кеш өтті.
None
None

Айта кетейік, биыл қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы Қазақстанда да, бірқатар шет мемлекеттерде де кеңінен тойланады деп күтіледі. Жамбыл Жамбаев «ХХ ғасырдың Гомері» атанып кеткен ақын. Кештің басты мақсаты - халықтар арасындағы достықты жырлаған ақынның ұлылығын, даналығын көрсету болды.
Кеш аясында Ж.Жабаев шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқауға қатысқан Астана қаласы мектептерінің оқушыларының орындауындағы Ж.Жабаев шығармаларынан құралған поэзиялық композиция көрсетіліп, ұлы ақынның атымен аталған Ресей қалаларындағы көшелер жайлы бейнесюжеттер көрсетілді.
Өздеріңізге мәлім Жамбыл Жабаевтың есімі көптеген ресейлік қалалардың, атап айтқанда: Санкт-Петербург пен Липецкідегі тұйық көшеге, Ижевскідегі көше мен тұйық көше, Волгоград, Иркутск, Курган, Тижний Новгоро, Новосибирск, Хабаровск көшелеріне берілген болатын.
Ресейдің көптеген қалаларында Жамбыл Жабаевтың есімі берілген көшелер бар.
2
3
5
6
7

Соңғы жаңалықтар