12:31, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Жамбыл және ОҚО облыстарының халыққа қызмет көрсету орталықтарының директорлары орын алмасты
ШЫМКЕНТ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының директор қызметіне Самат Елепбайұлы Қабылбеков тағайындалды.

Осы қызметке дейін ол Тараз қаласындағы облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығында директор болып жұмыс жасады. Ал Жамбыл облысы бойынша ХҚКО-ның директоры қызметіне Оңтүстік Қазақстан облысындағы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы Мұхаметқали Әшірбаев тағайындалды.