Жамбылда 3 тоннадай селитра ұрлағандар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 наурыз күні Жамбыл стансасы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасының барысында 22 және 25 жастағы екі жігіт ұсталды. Бұл туралы көлік полициясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ұсталғандар 1 наурызда Асы стансасынан «Маңғышлақ-Жаңатас» жүк пойызын жөнелту кезінде жартылай вагондардан салмағы 2 700 келіден аса «селитра» ұрлаған.
Келтірілген залал мөлшері - 340 000 теңге деп бағалануда. Қазір заттай айғақтар тәркіленіп алынды.
ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандардың үстінен ҚРҚК 188-бабы 2-тармағының 3-тармақшасы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.