Жамбылда «Daimond Rewards» жақұт пирамидасы қызметінің жолы кесілді

None
None
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының прокуратурасы «Daimond Rewards» жақұт пирамидасы қызметінің жолын кесті,

деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметінен.

Облыстық прокуратураның ақпаратына сәйкес, 2 жыл бойы Таразда Интернет арқылы гауһар және жақұт тастарын сатумен айналысқан «Daimond Rewards» компаниясы жұмыс істеген. Компанияның шарты бойынша азамат Интернетте тіркелген «бизнес-орынды» 350 АҚШ долларына сатып алуы тиіс. Сонымен қатар оларға тағы да 350 доллардан қаржы құятын 2 адамды тарту міндеттелген.

Қазіргі уақытта компанияға 150 мың теңгеге дейінгі көлемде қаржы салған 40-тан астам салымшының болғандығы белгілі болып отыр.

Тараз тұрғынының арызы бойынша облыстық прокуартура  «Daimond Rewards» компаниясы өкілдерінің іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс тергелу үшін қаржы полициясы органдарына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар