Жамбылда жылқылардың жаппай қырылу себебі анықталуда

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдары Талас ауданындағы Алтынкөл маңындағы жылқылардың жаппай қырылу себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Көл Қаратау қаласының маңындағы кәріз жүйесі жанында орналасқан және үй жануарларының суатына айналған. Соңғы ай бойы бұл жерден өлі жануарлар жиі табылды. Мал иелері әлеуметтік желілерде видеороликтер жариялай отырып, дабыл қаққан болатын.

Жергілікті тұрғындардың пікірінше, малдардың қырылуына пайдаланылған суын кәріз жүйесіне ағызатын жергілікті зауыттың қызметі себеп болуы мүмкін.

Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Талас ауданындағы жылқылардың қырылуын ішкі істер бөлімі «шаруашылық және басқа да қызметтерге байланысты экологиялық талаптарды бұзу» бабы бойынша  сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізді.

«22 қыркүйек күні көлден су ішкен 12 бас жылқы қырылып қалды. Сараптама  жасап, жануарлардың қырылу себебін анықтау үшін арнайы комиссия малдар қырылған жерден су сынамасын алды. Тиісті жедел-тергеу амалдары жасалып жатыр.  Жағдай Жамбыл облыстық прокуратурасының бақылауына алынды», - деді өңірдегі бақылау органының қызметкерлері. 

Соңғы жаңалықтар