Жамбылдық аграршылар биыл 530 мың гектар алқапқа ауылшаруашылық дақылдарын егеді

ТАРАЗ. 7 сәуір. ҚазАқпарат -   Жамбылдық аграршылар биыл 530 мың гектар алқапқа ауылшаруашылық дақылдарын егеді, деп хабарланды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан.
None
None

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Әсілбековтың сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы егілетін бұршақ дақылардың алқабы 50 пайызға, сонымен қатар жарма және жемшөптік дақылдар алқабының аумағы артады.

«Байзақ және Тұрар Рысқұлов аудандарында 118 мың гектар алқаптың 20,3 мың жері айдалып, 15,3 мың гектар алқаптың аумағына жемшөптік дақылдар егілді», -деді ол.

Ауылшаруашылық ведомство жетекшісінің сөзіне қарағанда, өңірдің агроқұрылымы егістік маусымына 98 пайызға дайын.

«Бүгінгі күні шаруашылықтар минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген. Көктемгі ауылшаруашылық жұмыстарға 11 мың тонна дизельді отын қарастырылған. Наурыз айында отынның 3 мың тоннасы берілді», -деді М. Әсілбеков.

Шаруа қожалықтары мен әкімдік арасында 2012-2016 жылдарға арналған ауылшаруашылық бойынша болжамды қарастыратын меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар