Жамбылдық автобустарға GPS-бақылау орнатуда
Облыстық әкімдіктің ақпаратынша, 2015 жылы GPS бақылаудың бірыңғай жүйесін құрастыруға 18,2 млн. теңге бөлінді.
GPS жүйесі 278 қалааралық және ауданаралық автобусқа, сонымен бірге қалалық автобустардың 50 % орнатылған.
«Жолаушыларды тасымалдау сапасын арттыру үшін Таразда қоғамдық көліктерде GPS-бақылау орнатылуда. Қазіргі уақытта қалалық автобустардың 527 GPS-бақылау орнатылған. Бұл жұмыспен келісімшарт негізінде тасымалдаушылармен бірге «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС айналысуда», - деді Тараз әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бахытжан Жақсылықов.
Сонымен қатар Б. Жақсылықов, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында облыс орталығында қоғамдық көлік паркі жаңартылып жатқандығын айтты.
«Жуырда қалалық автобустер паркі 20 жаңа автобуспен толықты. Олар GPS-бақылаумен жабдықталған. Әрбірінің құны 26 мың доллар», - деді ол.
Қалалық әкімдіктің ақпаратынша, Таразда 12 ұйым жолаушыларды тасымалдаумен айналысады. Олар 45 бағыт бойынша 800-ден астам автобуспен қызмет көрсетеді. Автопарк жыл сайын жаңартылады. 2011 жылдан қалалық автобустардың 70% жаңартылды.