Жамбылдық кәсіпкер Сұлтан Махмадов үйқамақта отыр

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбылдық белгілі кәсіпкер Сұлтан Махмадовтың ісіне қатысы бар алматылық журналист, «Алма-ата-инфо» газетінің редакторы Рамазан Есергепов Таразда тергеу абақтысында отыр.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Журналист Рамазан Есергеповке қатысты екі қылмыстық іс қозғалып отыр. Бірінші іс - ҚР Қылмыстық кодексінің 172-ші бабы (мемлекет құпияларын заңсыз алғаны, жария еткені үшін), 3 және 4-ші тармақтары бойынша (құжаттарды ұрлау жолымен мемлекет құпиясын құрайтын мәліметтерді жинау, мемлекеттік құпияға ие тұлғаларға пара беру немесе қоқан-лоқы жасау) қозғалып отыр.Ал екінші іс 2009 жылы қаңтардың 5-і күні ҚР Қылмыстық кодексінің 228-ші бабы бойынша (өзі немесе басқа тұлғалар немесе ұйымдар үшін пайда табу мақсатында өз өкілеттігін пайдалану немесе өзге тұлғаларға немесе ұйымдарға, немесе мүдделері заңмен қорғалатын қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды. Аталған айыптаулар бойынша, журналистің жазалары айыппұл төлеуден бастап, 8 жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айырылу жазасына кесілуі мүмкін. Ал салық төлеуден жалтарғаны және «Алма-Ата-инфо» газетінде жариялау мақсатында ҰҚК құпия мәліметтерін ұрлады деген айыптаулар тағылып отырған «БМ» фирмасының қожайыны Сұлтан Махмадов үйқамақта отыр.
Соңғы жаңалықтар