Жамбылдық кәсіпорындар өз жұмысшыларына 20 миллионнан астам теңге берешек

ТАРАЗ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Таразда жұмыссыздардың жалпы саны шамамен 1 310 адамды құрап отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Тараз кәсіпорындарының ағымдағы жұмыс режімі мен жұмысшыларды қысқартуға жол бермеу жөніндегі шаралар туралы сөз болған қалалық әкімдікте өткен мәжілісте осындай мәлімет жария етілді. Тараз қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ертарғын Астаевтың айтуынша, айлық жалақысы 20 мың теңгені құрайтын 3 мыңдай әлеуметтік жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Қоғамдық жұмыстарға қаланы санитарлық тазалау және ирригациялық жұмыстар, жол төсеу және құрылыс жұмыстары кіретін болады. Таразда жұмыссыздық проблемасын шешуге жергілікті бюджеттен барлығы 697 миллион теңге бөлініп отыр.«Мемлекеттік органдар облыс орталығындағы жүйе құруды 30 өндірістік кәсіпорынның жұмысына апта сайын мониторинг жүргізіп отыр. Ақпан айының соңында төрт кәсіпорын қысқартылған жұмыс кестесімен жұмыс істеді. Ол кәсіпорындардағы 1 470 жұмысшының 633-і жұмыспен жартылай қамтылды», - дейді Е.Астаев. Оған қоса, жамбылдық үш кәсіпорынның жалақы бойынша берешегі бар. Атап айтқанда, «Имсталькон» АҚ-ы - ағымдағы жылдың қаңтар айы үшін жұмысшыларға 12 миллион теңге берешек, кәсіпорын директоры Александр Никулиннің айтуынша, бұған тапсырыс берушінің төлем жасамауы себеп болып отыр. «Тараз құйма-механикалық зауыты» ЖШС-нің қаңтар айындағы берешегі 5 миллион теңгені құраса, «Теміржолсу-Тараз» ЖШС жұмысшыларына өткен жылдың желтоқсан айы мен ағымдағы жылдың қаңтар айы үшін 4 миллион 500 мың теңгеге қарыз.
Соңғы жаңалықтар