08:58, 30 Мамыр 2013 | GMT +5
Жамбылдық құтқарушылар Алматы-Ташкент күре жолында жүк көлігінің жүргізушісін аман алып қалды
ТАРАЗ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Жамбылдық құтқарушылар Алматы-Ташкент күре жолында жүк көлігінің жүргізушісін аман алып қалды.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
29 мамыр күні таңғы сағат 5.30 шамасында Алматы-Ташкент күре жолында «МАН» және «Газель» жүк көліктері соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан «Газель» жүргізушісін металл жаншып қалған.
Оқиға орнына жеткен «Жедел-құтқару отрядының» мамандары көтергішпен гидравликалық қысым жасау арқылы панельді, рөлді жылжытып, жүргізушіні шығарып алды. Зардап шеккен жүргізушіге оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі көмек көрсетті.