21:24, 26 Мамыр 2010 | GMT +5
Жамбылдық монополистерге негізсіз кірістер үшін қайтадан өтеу тарифтері енгізіледі - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 26-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Негізсіз кірістер мен шығынның басқа баптарын орындамағаны үшін 2010 жылғы шілденің 1-нен бастап жамбылдық монополистерге қайтадан өтеу тарифтері енгізіледі, деп хабарлады бүгін БАҚ-қа арналған дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры Марат Смайылов.
Оның айтуынша, табиғи монополистердің 2009 жылғы тарифтік сметасы орындалуын сараптай отырып, жамбылдық табиғи монополияларды реттеу департаменті төрт кәсіпорынға төрт уақытша өтеу тарифін енгізді.
«Бұлар «Таразэнергияорталық» АҚ, «Шу-жылу» МКК, «Жаңатас-су-жылу» МКК жылу энергиясын өңдіретін, жабдықтайтын кәсіпорындар. Сондай-ақ электр энергиясын тарату және беру қызметін атқаратын тараздық «Қант» АҚ», - деп түсіндірді М.Смайлов.
Өтеу тарифтерін енгізуден немесе монополистердің негізсіз шығынынан өтелетін экономикалық тиімділік 55,12 млн. теңгені құрайды.