Жамбылдық мұғалімдердің 40 пайыздан астамы өз пәндері бойынша сынақтан өте алмай қалды

ТАРАЗ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбылдық мұғалімдердің 40 пайыздан астамы өз пәндері бойынша тестілеуден өте алмай қалса,
None
None

мектеп директорларының 86 пайыздан астамы педагогика мен психологиядан әлсіз екендерін көрсеткен. Облыс әкімдігінің білім басқармасында өткен есеп беру мәжілісінде осындай мәлімет жария етілді.

Жамбылдық педагогтардың арасында тест өткізу идеясын, жамбылдық оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеудегі төмен нәтижелеріне алаңдаушылық білдірген облыс әкімі Қанат Бозымбаев көтерген болатын. 2010 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде аймақтағы 354 мектептің 253-інің оқушылары төмен нәтиже көрсеткен немесе сынаққа мүлдем қатыспаған болатын.

Дәл осы 253 мектептің педагогтары сынақ тапсырып, 2594 мұғалімнің 1043-і өз пәндерін нашар білетіндерін көрсетті. Оған қоса, 557 мектеп басшыларының 482-сі (директорлар мен меңгерушілер) педагогика мен психология теориялары бойынша сауалдарға лайықты жауап бере алмай, масқаралары шыққан.

Білім басқармасында өткен мәжілісте сондай-ақ, көптеген педагогтардың біліктілігі олардың атқарып отырған қызметтеріне сай еместігі мәлім етілді. Директорлардың 30 пайызы сырттай оқу бөлімдерін бітірген болса, 40-тан астам мектеп директоры «еңбек оқытушысы», «сурет пәнінің оқытушысы», «дене шынықтыру оқытушысы» мамандықтарының иесі болып шыққан.

Соңғы жаңалықтар