Жамбылдық полицейлер «Есірткіге қалқан» операциясы барысында 89 килә наша тәркіледі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті Есірткімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері жол полицейлерімен бірлесіп өткізген «Есірткіге қалқан» арнайы операциясы барысында Мойынқұм ауданындағы Бірлік ауылының маңында наша саудагерін қолға түсірді.
None
None
ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады. Жедел мәлімет бойынша, Ақмола облысы Щучинск қаласының 51 жастағы тұрғыны Мерке-Шу-Бурылбайтал тасжолымен есірткі жүгін алып өтетін болған. Оның «Ауди-80» көлігінің жүк салатын жерінен полицейлер жалпы салмағы 29 килә 300 грамм қарасора тапқан. Бұл азамат Жамбыл облысында есірткі дайындап, оны Көкшетауға тасымалдаумен тұрақты айналысқан деген болжам бар. Есірткімен күрес жөніндегі басқарма бастығы полиция полковнигі Нұржан Қалметовтың айтуынша, басқарма қызметкерлері жылдың басынан бері есірткімен байланысты 34 қылмысты анықтаған, оның 18-і - есірткі затын сатумен байланысты. Қаңтар айында жамбылдық тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 89 килә есірткі тәркіледі.
Соңғы жаңалықтар