Жамбылдық полицейлер қаңтардың алғашқы он күнінде 50 келі қарасора тәркіледі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбылдық полицейлер қаңтардың алғашқы он күнінде Шу өңірінде 50 келі қарасора тәркіледі.
None
None

Бұл «тауардың» қара базардағы нарқы 10 мың долларды шамалайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шу ауданының Жаңажол ауылында жүргізілген бірапталық операция барысында 29 келі марихуана және 1,5 келі гашиш сатпақ болған 29 жастағы есірткі саудагері ұсталды. Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі «Дельта-Алқап» ауданаралық бөлімінің сақшылары әлгі азаматтың қорасының астынан қазылған жертөледен есірткі салынған екі қапты тауып алды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі полиция полковнигі Роза Қалдыбекова. Тауар иесі бұған дейін де есірткі саудасы үшін түрмеде отырып шыққан.

Бірнеше күн бойы сырттан бақылау жүргізген полицейлер Шу ауданының Қонаев ауылында да 5,5 келі қарасорамен 39 жастағы азаматты ұстады.

Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұржан Қалметов қаңтар айының алғашқы онкүндігінде аймақ сақшыларының 50 келіден астам есірткі тәркілеп, 10 есірткі қылмыскерінің ұсталғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар