Жамбылдық полицейлер үш адамның қанын мойнына жүктеген қылмыскерді іздестіруде
Қыркүйектің 21-і күні сағат 23.30-да, облыс орталығындағы 12-ші ықшамауданда тараздық кәсіпкер әйел мен жақындарын біреу өлтіріп кетті.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, бұрын адам зорлағаны үшін сотталған Спартак Клецов деген азаматқа күдік келтіріліп отыр. Кәсіпкердің қарамағында жұмыс істеген және тауар жетіспеушілігі үшін жұмысынан босатылған әлгі азамат осы қылмысты жасаған деген долбар бар.
Көршілері шақырған полицейлер 40 жастағы кәсіпкер әйелдің және тараздық 18 жасар жігіттің өлі денелерін, үй иесінің жаралы қызы мен оның досын тапқан. Оқиға орнынан гильза, Макаров тапаншасының 9 калибрлі үш оғы табылған. «Жедел жәрдем» бригадасы кәсіпкер әйелдің кәмелетке толмаған қызы мен оның 18 жастағы танысын ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізген.
Бүгін таңертең 16 жастағы қыз реанимация бөлімінде қайтыс болды, ал жігіт ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлады ауруханадан.
Кісі өлтіру факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, облыстың ішкі істер бөлімдері мен көрші облыстардың гарнизондары, Қырғызстанмен шекаралас аймақтарға хабар берілді, қосымша блок-бекеттер мен нарядтар қойылды. Іздеу жарияланған қылмыскер аса қауіпті және қаруланған.