Жамбылдық спортшылар жыл басынан бері 147 медальға қол жеткізді (ФОТО)

«2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында спорттың шахмат, дзюдо, самбо, таеквондо (WTF), қол күресі және гир спорты, панкратион, үстел теннисі, бокс, «64» шаршы дойбы, дайдо джуку кудо және каратэ до, ушу (саньда), еркін күрес, каратэ-до кёкушинкай, греплинг түрлерінен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 20 облыс чемпионаттары мен біріншіліктері өтті.
Оның ішінде жас ерешеліктеріне қарай ересектер арасында - 5, жастар арасында - 2 және жасөсіпірімдер арасында - 13. Аталған спорттық іс-шараларға 2 100 спортшы қатысты. Жалпы 2016 жылдың алғашқы үш айында облыс спортшылары Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен біріншіліктерінде 129 медальға (оның ішінде 48 алтын, 41 күміс және 40 қола) және халықаралық турнирлерде 18 медальға (оның ішінде 9 алтын, 5 күміс және 4 қола) қол жеткізді.Осындай спорттық нәтижелердің артында біздің спортшылар мен өз ісіне берілген жаттықтырушылардың төккен терлері мен еңбектері, тынымсыз жаттығулары жатыр. Өйткені, өмірде ешқанда нәтиже - еңбексіз келмейді»-, деді Гамлет Төреханұлы.