Жамбылдық ҰОС ардагерлеріне материалдық көмек көрсетуге 40 млн. теңгеден астам қаражат бөлінеді
Аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық 2014 жылдың екінші жартысында басталып кеткенін атап өтті. Тәуелсіздік күні қарсаңында Таразда жаңа Ардагерлер үйі пайдалануға берілді.
Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының мәліметтерінше, бекітілген жоспардың аясында қоғамдық-саяси шаралар түрлі форматта, қалың жұртшылықты қамтумен өтеді. Атаулы датаны мерекелеу үшін республикалық бюджеттен 267,8 млн. теңге бөлінген. Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктерінен соғыс ардагерлері мен майдангерлердің жесірлеріне материалдық көмек көрсету үшін 40,8 млн. теңге қарастырылған. Бүгінде Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының 253 қатысушысы, оған теңестірілген 2 334 тұлға, 7 253 тыл еңбеккері тұрады, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасынан.