Жамбылдықтар лаңкестікте қаза болғандарды еске алды

ТАРАЗ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Таразда Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Даңқ аллеясына облыстың жұртшылық өкілдері жиналып, 12 қараша күні лаңкестік әрекеттен қаза болғандарды еске алды.
None
None

«Даңқ аллеясына журналистер, студенттер, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарың өкілдері, Азаматтық альянс, билік құрылымдарының өкілдері мен қарапайым халық жиналды», - дейді «Жасыл даму» қауымдастығының президенті Ықтияр Мырзахметов.

Оның айтуынша, жиналған қауым қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, 12 қараша күні болған лаңкестік жағдай туралы өз ойларын білдірді.

Соңғы жаңалықтар