19:02, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Жамбылдықтар лаңкестікте қаза тапқандардың отбасылары үшін қаржылай көмек жинауда
ТАРАЗ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінің қызметкерлері лаңкестік әрекеттен қаза тапқандардың отбасы үшін 130 мың теңге ақша жинады.
![None None](/static/img/plug.webp)
«Бұл ақша лаңкестің қолынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына беріледі», - дейді редакция ұжымы облыстағы басқа да ұйымдардың осы игі істі қолдайтынына сенім білдіре отырып.
Бір күнгі еңбекақы аударылды, деп хабарлаған газет ұжымы.