Жамбылдықтарға Аңдасай мемлекеттік табиғи қорықшасын кеңейту ұсынылды

ТАРАЗ. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбылдықтарға Аңдасай мемлекеттік табиғи қорықшасын кеңейту ұсынылды.
None
None

«Аңшылық зооөнеркәсіп» РМҚК хабарлауы бойынша, Жамбыл облысында жануарлар әлемін қорғауды күшейту мақсатымАңдасай қорықшасының ауданын қазіргі бір миллион гектардан 2,7 млн. гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр.

«Аңшылық зооөнеркәсібінде» атап өткендей, қорықшаны жер иелерінен жерді тартып алмай, сонымен қатар жер пайдаланушыларының қолданыстағы шаруашылық қызметін шектемей-ақ кеңейту жоспарлануда.

Бүгінде Жамбыл облысы аумағында үш мемлекеттік қорықша жұмыс істеуде. Олар - ауданы 17,5 мың га Берікқара шатқалы (кешенді қорықша), 3,07 мың га ауданы бар Қарақоңыз шатқалы (ботаникалық) және ауданы 1000 мың га Аңдасай қорықшасы (зоологиялық).

Соңғы жаңалықтар