Жан басына қаржыландырудың нәтижесі қандай – БҒМ жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Орта білім саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: жекеменшік мектептер» тақырыбында өткен онлайн конференцияда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова жан басына қаржыландырудың нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңдағы нәтиже жақсы. Біз бұл жобаны іске асырып, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жан басына қаржыландыруды енгіздік. Оның тағы бір нәтижесі – жеке меншік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру болды. Бұл әдіс орта білім саласындағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестікке қатысты мәселелерді көтеруге себеп болды. Былтыр 70 жаңа мектеп ашылды. Бұл дегеніміз – 20 мың оқушы қамтылды деген сөз. Мұндай нәтиже елімізде тәуелсіздік алғалы болған жоқ», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Оның айтуынша, әр аймақта оқушыларға орын жетіспеу, үш ауысыммен білім беру – өзекті мәселе болып қалып отыр.

«Біз мұл мәселені ұзақ уақыттан бері шешуге талпынып келеміз. Бизнес, жеке серіктестіктің қатысуынсыз бұл мәселені шешу қиын екенін түсінеміз. Жан басына қаржыландыру арқылы мемлекет көп шығыннан арылады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар