Жан басына шаққанда Үндістан қоршаған ортаны аз ластап жатқан мемлекеттердің қатарында - KAZENERGY Еуразиялық форумы

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Жан басына шаққанда Үндістан қоршаған ортаны аз ластап жатқан мемлекеттердің қатарында.
None
None

Бұл туралы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан KAZENERGY VII Еуразиялық форумы барысындағы баспасөз мәслихатында Үндістан Парламентінің депутаты Шаши Тарур мәлім етті.

«Көптеген дамушы елдер секілді өзінің өсімін қамтамасыз ету үшін Үндістан энергиялық қажеттілікті сезініп отыр. Біздің энергиялық мәліметтерге тоқталатын болсақ, біз әлі де базалық деңгейде тұрмыз. 500 миллионға жуық үндістандық ұлттық электр желісіне қосылмаған. Біздің халқымыздың үштен бір бөлігіне жуығы күн сайын қарапайым электр жарығына зәру. Яғни бұл тұрғыда біздің халқымыздың елеулі көлемі үшін осы мәселенің шешімін табу керек»,-деді ол.

Бұдан бөлек, Шаши Тарур жаһандық тұрғыда Үндістан өз көлеміне қарағанда қоршаған ортаны аз ластап жатқандығын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, әлем халқының 17 пайызы Үндістанда тіршілік етіп жатса да қалдықтар шығару көлемі тұрғысында 4 пайызды құрайды. Ал әлем халқының 17,4 пайызын құрап отырған Қытай қалдықтар шығару бойынша жаһанда 20 пайызды қамтып отыр. «Жан басына шаққанда Үндістан қоршаған ортаны аз ластап жатқан мемлекеттердің қатарында»,-деп түйіндеді депутат.

Соңғы жаңалықтар