Жан Кособуцкийдің келесі жекпе-жегінің датасы аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Universum Boxing промоутерлік компаниясы ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) мен Германия өкілі Хусейн Мұхамед (17-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жекті ресми түрде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жан Кособуцкийдің келесі жекпе-жегінің датасы аталды

Жекпе-жек 5 қарашада Германияның Оберхаузен қаласында өтеді.

«Жан Кособуцкий оппоненті Хусейн Мұхамедке қарсы жекпе-жекте өзіне тиесілі WBC International титулын қорғайды. Бұл Кличкодан кейінгі Германияда өтетін ауыр салмақтағы ең ірі жекпе-жек. Жеңімпаз әлем чемпионы атағы үшін күресу мүмкіндігіне ие болады», - деп жазды промоушен Instagram-парақшасында.

Жан Кособуцкий бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін мамырдың 21-інен 22-сіне қараған түні Гамбургте (Германия) өткізді. Онда ол француздық Жоан Дюопаны (39-7, 26 КО) мерзімінен бұрын жеңді.






Фото: sports.kz