Жаңа Әділет министрі ант қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің жаңадан тағайындалған Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет үйінде ант қабылдады.

Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

- Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деп ант берді Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысының алдында.

Еске сала кетейік, 9 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар