Жаңа Алатау қаласына уақытша әкім тағайындалды

Гульбану Несипбаева
Фото: Заречный ауылдық округінің әкімдігі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алатау мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтті. Оның барысында жаңа қалаға уақытша әкім тағайындалды.

Алматы облысы әкімдігінен мәлім еткендей, Алатау қаласы мәслихатының екінші кезектен тыс сессиясы барысында жаңа қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы тағайындалды. Бұл лауазымға Заречное ауылдық округінің қазіргі басшысы Гүлбану Несіпбаева ұсынылды.

«Күн тәртібінде әкімшілік бірлікті басқару схемасын бекіту, қаланың жеке құрамын келісу және қаланың бас жоспарын мақұлдау мәселелері қарастырылды. Алатау қаласын дамытудың бас жоспары Үкіметте бекітіліп жатыр. Бас жоспарға сәйкес Алматы мен Қонаев қалалары арасында заманауи мегаполис пайда болуы тиіс, онда адамдардың тұруы үшін ең жақсы жағдайлар жасалатын болады. Тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, туристерге барынша жайлы демалыс ұйымдастырылады, балалар мен жастар үшін оқу және одан әрі дамуы үшін жағдай жасалады»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Осы жылдың басында Алматыдан солтүстікке қарай 47 шақырым жерде орналасқан Жетіген ауылы облыстық маңызы бар Алатау қаласына айналған болатын.

Бұған дейін жаңадан құрылған Алатау қаласының даму бағыты туралы жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар