Жаңа бизнес-идеялар мен инвестициялар, жаңа технологиялар енгізу үшін және бәсекеге қаблетті өнімдер шығаратын жаңа өндірістер құру үшін есігіміз ашық - ҚР Премьер-Министрі

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Минскіде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) елдерінің Іскер адамдары форумына қатысты. Бұл туралы ҚР Үкіметі басшысының сайты хабарлады.
None
None

С.Ахметов өзінің құттықтау сөзінде Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік құру-жаһандану алға тартқан шынайы қажеттіліктен туған шара экономикалық әлеуетті біріктіру және осы орайдағы біздің елдердің жіті ойластырған таңдауы болып табылатынын атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі БЭК-ке қатысушы елдер теңдік пен прагматизм принциптеріне негізделген экономикалық интеграцияға бет алғанын басып айтты.

С.Ахметовтің айтуынша, БЭК мемлекеттерінің бизнес-қауымдастығы сезінген артықшылықтардың бірі 170 млн. адамды қамтитын ірі бірыңғай рынок құру және тиісінше тауар айналымын арттыру болып табылады.

«Кәсіпкерлер үшін уақытша және трансакциялық шығандарды қысқарту 2015 жылға қарай арасындағы сауда айналымы триллион долларға жететін бес жүз миллион адамдық Еуроодақ пен жарты миллиардтық Қытай рыноктары арасындағы нақты транзиттік көпірді кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді Премьер-Министр.

С.Ахметовтің айтуынша, Қазақстан - елімізге шетел компанияларын тартудың, мейлінше ашық әрі тұрақтылық саясатын ұстаудың белсенді жақтаушысы. Статистикалық деректерге сәйкес, соңғы екі онжылдықта Қазақстан экономикасына 171,2 млрд. тікелей инвестиция тартылған. Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу-2013» рейтингі бойынша Қазақстан 185 елдің ішінен 49 орынды иеленді. «Салық салу» санаты бойынша Қазақстан 17 тұғырда тұр.

Инвестициялық ахуал жүйелі түрде жақсарып келеді, тиісті құқықтық база құрылды. Сонымен бірге қолдау шаралары отандық инвесторлармен қатар шетелдік инвесторларға бірдей көрсетілуде.

«Жаңа бизнес-идеялар мен инвестициялар, жаңа технологиялар енгізу үшін және бәсекеге қаблетті өнімдер шығаратын жаңа өндірістер құру үшін есігіміз ашық. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Бізде үлкен интерациялық әлеует бар және біз оны пайдалануға тиіспіз», - деп түйіндеді С.Ахметов.

Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, ынтымақтастықтың мұндай форматы болашақта бизнесті дамыту үшін инвестиция салу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады.

«Іскерлік қоғамдастықтың тиісті бастамаларды белсенділікпен қолдауы, бизнес ортаның Бірыңғай экономикалық кеңістікті дамыту мәселелерін талқылауға қатысуы барысында тиімділік тек қана арта түседі», - деп сөзін қорытындылады Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар