Жаңа ереже: Алматыда 181 мопед айыптұраққа қойылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді басқаруға және жүргізуші куәлігінсіз жүргізуге тыйым салынды. 

Жаңа ереже: Алматыда 181 мопед айыптұраққа қойылды
Фото: Алматы қаласының полиция департаменті

Қазақстанда 5 сәуірде жаңа заң нормалары күшіне енді, оған сәйкес мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестірілді. Бұл өзгеріс көлік қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жолдағы тәртіпті нығайту мақсатында енгізілді.

Алматыда полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін, мопедті тіркеуді тексеру үшін рейд жүргізіп жатыр.

— Жаңа ережелер күшіне енген күнен бері мегаполисте 552 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 181 мопед айыптұраққа қойылды, – деп жауап берді Алматы полиция департаменті Kazinform агенттігі жолдаған сауалға.

Бұған дейін мопедтерін тіркемегендерге қандай жауапкершілік көзделгені туралы және мопед иелері енді А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуға міндеттелгені туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар