Жаңа формаға уақыт жоқ, алдымен аттестацияны өткізіп алуымыз қажет - Ерлан Тұрғымбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа формаға уақыт жоқ, алдымен аттестацияны өткізіп алуымыз қажет - Ерлан Тұрғымбаев

«Қазір біздің негізгі мақсатымыз - аттестацияны өткізу. Осыдан кейін қысқартудың есебінен жалақыны көтеруіміз керек. Содан кейін формамен айналысамыз. Біз үшін алдымен полицейдің жағдайын жасап алу қажет. Жаңа форманы артынан қарай береміз. Екі айдан кейін аттестация басталады. Оған журналистерді де шақырамыз. Сол кезде бәрін көрсетеміз», - деді Е.Тұрғымбаев журналистерге берген сұxбатында.

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде берген тапсырмалары талқыға салынды.

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім саласында 500 мыңға тарта адамның жалақысын көтеруді көздейді.

Бұдан бөлек, жаңа министр білім реформасы туралы айтты.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 225 мыңнан астам медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі деп отыр.

Әкімдікте қай қызметкерлердің жалақысы 25 процентке көтерілетіні де айтылды.