19:39, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жаңа фотоальбом Семейдің тарихы туралы сыр шертеді
СЕМЕЙ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Көп таралыммен «Semey» деп аталатын фотоальбом жарыққа шықты. Енді қала тұрғындары сияқты оның қонақтары да Семейдің тарихына фотосуреттер арқылы үңілу мүмкіндігіне ие болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Журнал қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде шыққан. Альбомда ескі Семейдің, тарих, сәулет және мәдениет ескерткіштерінің, қазіргі құрылыстардың, даңғылдары мен көшелердің фотосуреттері жинақталған.Альбомды жасаудың бастамашысы және авторы ? мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Айдар Самаев.