Жаңа Каледониядағы тәртіпсіздіктер - жандармдар әуежайдан шығатын жолды жауып тастады
АСТАНА. KAZINFORM – Францияның орталық билігі дүйсенбіде қауіпсіздік күштері әуежай мен Францияның Тынық мұхиты аймағының астанасы Нумеа арасындағы жолды бұғаттағанын хабарлады. Алайда тәртіпсіздіктер әлі басылмай тұр, деп жазады ВВС.
Жаңа Каледонияның Жоғарғы комиссиясы жандармдардың 40 шақырымдық жол бойындағы 76 тосқауыл мен үйінділерді тазалағанын және алдағы күндері жолдың, соның ішінде өртенген көліктерден толық тазартылатынын хабарлады.
Билік әуежайдың коммерциялық рейстерге қашан ашылатынын әзірге айтқан жоқ.
Қашан толық тыныштық орнайтыны белгісіз. Ел астанасы Нумеа мэрі Соня Лагард демалыс күндері журналистерге Жаңа Каледонияның «қоршауда» екенін айтты.
Оның сөзінше, бүлікшілер архипелаг бойынша көптеген қоғамдық ғимараттарды өртеп, жүздеген француз полициясы Жаңа Каледонияға жіберілгеніне қарамастан, жағдай тұрақсыз болып тұр.
Естеріңізге сала кетейік, Францияға бағынатын Жаңа Каледонияның Тынық мұхиты аймағында жаппай толқулар басталды. Елде төтенше жағдай жарияланды.