«Жаңа Қазақстан» абстрактілі идея емес, болашақтың нақты бейнесі - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жаңа Қазақстан» абстрактілі идея емес, болашақтың нақты бейнесі. Бұл туралы бүгін еліміздің бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттау рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістерді бастап, біз ел дамуының сапалы жаңа кезеңіне қадам басамыз. Бұл – «Жаңа Қазақстан». Оның үстіне бұл абстрактілі идея емес, болашақтың нақты бейнесі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгін марапатталатын азаматтардың барлығы елдің дамуына зор үлес қосып келе жатқанын баса айтты.

«Сіздердің әрқайсыларыңыз нағыз отаншыл екендеріңізді, ынтымақ пен бірлік құндылықтарын ұстанатындарыңызды іс жүзінде дәлелдеп келесіздер. Өздеріңіздің жанкешті еңбектеріңізбен, шынайы көмек көрсетуге деген ниеттеріңізбен барлық азаматтарға үлгі көрсетесіздер. Сіздермен бірге қазақстандық реформация процесін сәтті іске қосып, жаңа мүмкіндіктер мен прогресс елі - «Жаңа Қазақстанды» құратындығымызға сенімдімін», - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар