Жаңа Конституция жобасын әзірлеудеміз – Никол Пашинян
АСТАНА. KAZINFORM – Армения премьер-министрі Никол Пашинян егер сот бітімгершілік келісімді қолданыстағы Конституцияға қайшы келеді деп тапса, конституцияға түзетулер енгізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Үкімет басшысы брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

– Егер ратификациялау барысында Конституциялық сот параграфталған және қол қойылған бітімгершілік келісімі Конституцияға қайшы келеді деп шешсе, өзім конституцияға түзетулер енгізуге бастамашы боламын, - деді Пашинян.
Премьер-министр Үкіметтің жаңа Конституцияны дайындау бойынша күн тәртібі қазірдің өзінде бар екенін еске салды. Жоспар бойынша оны қабылдау 2027 жылға жоспарланған.
– Біз қазір жаңа Конституция жобасын әзірлеу үстіндеміз. Дайын болған соң референдум өткізетін шығармыз, - деп қосты ол.
Осыған дейін Әзербайжан мен Армения бастапқы бейбітшілік келісімінің мәтінін жариялағанын жазған едік.