Жаңа Құрылыс кодексіне сейсмикалық қауіпті бағалау институты енгізіледі
АСТАНА. KAZINORM — Жаңа Құрылыс кодексінде сейсмикалық қауіпті бағалау институтын енгізу көзделген. Бұл туралы бүгін Мәжілісте аталған құжатты талқылауға арналған сарапшылық кездесуде Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин айтты.

«Сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс ерекшеліктері» бойынша жаңа тарау енгізілпді. Еліміз үшін сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс салу нормалары өте маңызды. Өйткені соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелері бойынша аумақтың шамамен 45 пайызы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатқызылған. Құрылыс объектілерінің сапасын арттыру үшін құрылыс компанияларының сейсмикалық оқшаулағыш жүйелерді қолдануы, сейсмикалық қауіптілікті алдын ала бағалауды жүргізу, құрылыс үшін алаңды таңдау, сынақтар жүргізу бойынша және тағы да кешенді шаралар қабылдау жоспарланған. Сондай-ақ жаңа реттеу институттары да енгізілмек: сейсмикалық қауіпті бағалау және сейсмикалық тәуекелді бағалау», — деді вице-министр.
Оның атап өтінше, кодекс жобасында құрылыс нысандарының тозығы жеткендігін анықтауға, конструкциялардың сапасын тексеруге, нысанды тозған деп тануға, қайта жаңарту мүмкіндігіне бағытталған қолданыстағы құрылыс нысандарын паспорттау жөніндегі нормалар көзделген.
«Жергілікті атқарушы органдар құрылыс нысандарының сейсмикалық қаупі мен сейсмикалық төзімділігін бағалау үшін сейсмикалық қауіпті өңірлерде паспорттауды жүргізуге тиіс», — деді Тимур Қарағойшин.