Жаңа облыстардың құрылуы тұрғындардың проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік береді - Смайылов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуы жергілікті тұрғындардың проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жолдаудың негізгі басымдықтарының бірі – аймақтарды дамыту ісіне тың серпін беру. Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеріп, жергілікті тұрғындардың проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік береді. Осы ретте, Үкіметтің алдында Мемлекет басшысының тапсырмасын нәтижелі іске асыру міндеті тұр. Бұл үшін өңірлерді қаржыландыру тәртібін қайта қарап, бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін әзірлеу қажет», - деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы өңірлер үшін мемлекеттік сатып алу тәртібін жеңілдету мәселесін пысықтауды тапсырды.

«Жаңа облыстарды құру бойынша жұмыстарды жедел ұйымдастыру үшін Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бір аптада тиісті Жол картасын енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар