Жаңа оқу жылына дейін барлық мектеп оқулықпен қамтамасыз етіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылына дейін барлық мектеп оқулықпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың 2015-2016 жаңа оқу жылының қарсаңында еліміздің білім беру жүйесінің қызметкерлерімен кездесуі алдында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

Жаңа оқу жылына дейін барлық мектеп оқулықпен қамтамасыз етіледі

«Оқулықпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталар болса, біз қаңтар айынан бастап өңірлермен бірлесе отырып, нақты кесте, жоспар құрдық. Барлық облыстары жұмыстар жүргізілуде. Қазірдің өзінде өңірлердің басым бөлігі 100 пайыз ағымдағы жылы ауыстырылатын 4 сынып оқулықтарымен қамтамасыз етілді», - деді министр.

А.Сәрінжіповтің айтуынша, мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 13 млрд. теңге қаржы бөлініп, игерілген. «Қазіргі уақытта мектептерге оқулық жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Кітап жеткізілмеген 1-2 аудан ғана қалды. Біз бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз. 28 тамызға дейін шалғайдағы аудандардың барлығына да оқулықтар жеткізіледі», - деді ол.