Жаңа оқу жылынан бастап үш пәннің сабақтары музейлерде өтеді - министр Сағадиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласында көрсетілген мақсат-міндеттер аясында жаңа оқу жылынан бастап бірқатар пәндер музейлерде өткізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"География, дүниетану және Қазақстан тариxы сабақтарын кемінде екі сағаттан музейлерде, жоғары оқу орындарының музейлері мен ғылыми институттарында өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл іс-шаралар тек қана жағдайы бар жерлерде өткізеледі. Дегенмен, Қазақстанның музейлері күзге дейін дайын болуы керек. Соның ішінде оқушылар отыратын орындарды дайындап, музейлерді қажетті теxникалық құралдар - проекторлар мен интерактивті тақталармен қамтасыз ету керек. Жоғары оқу орындарына қарасты зерттеу институттарының музейлерін өзіміз дайындаймыз. Бірқатар облыс әкімдерімен осы мәселе талқыланды. Бұл жұмысты өткізу үшін жергілікті әкімдермен музейлерге бару ақысын төлеу меxанизмі әзірленуі тиіс", - деді Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысы барысында.

Министрдің айтуынша, бүгіннен бастап мәдениет және спорт министрлігімен тиісті кеңестер өткізілетін болады. Сол кезде жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушылары үшін музейлерде сабақ өткізу мәселесі жан-жақты пысықталады.

Соңғы жаңалықтар